
ENU Graduate School of Business-тегі «Silk Road Elite Partnership» атқарушы диалогы!

Біздің алаңымызда ENU Graduate School of Business тыңдаушыларының тәжірибеге бағытталған оқу бағдарламасы аясында халықаралық іскерлік кездесу өтті.
Іс-шара барысында академиялық білім Қазақстан, Ұлыбритания және Қытай кәсіпкерлері мен сарапшыларының практикалық тәжірибесімен ұштастырылды.
Форумды ашқан:
— Армияш Нұрмағамбетова, ENU Graduate School of Business директоры;
— Runhao Zeng, Shanghai Briyond Industrial Corporation атқарушы директоры.
Бағдарлама аясында сөз сөйлегендер:
— профессор Levent Altinay, Oxford Brookes University, Ұлыбритания;
— Дмитрий Инютин, «Shaurma Food» компаниясының бас директоры;
— Анар Төлеубаева, «Qaz.AI» төрағасының орынбасары;
— Майя Сұлтанахметова, «HR-менеджерлер қауымдастығы» ҚБ басқарушы директоры.
Спикерлермен бірге тыңдаушылар жаһандық бизнес-стратегия, халықаралық нарықтарға шығу, HR саласын дамыту және жасанды интеллектіні енгізу бойынша нақты кейстерді талқылады.
Кездесудің басты қорытындысы — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «HR-менеджерлер қауымдастығы» ҚБ және «Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы» ЗТБ (Qaz.AI) ұйымдарымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қоюы.
