ENU Graduate School of Business Alumni Club — бизнес мектеп түлектерінің ресми қауымдастығы 2026 жылғы 29 маусымда ашылды.
Клубтың Founding Cohort-ын Executive MBA 2025-2026 бағдарламасының түлектері құрады — олар ENU GSB тарихындағы алғашқы түлектер. ENU GSB Alumni club негізі қаланған күні түлектер ашық дауыс беру арқылы ENU GSB Alumni Club Төрағасын сайлады. ENU GSB Alumni қауымдастығының төрағасы алдағы уақытта бірлестіктің мүддесін білдіріп, Alumni club қызметінің басында жүретін болады.
ENU GSB Alumni Club Миссиясы ENU Graduate School of Business түлектерін белсенді кәсіби қауымдастыққа біріктіру, мансапты, бизнесті, және елді дамытуға үздіксіз қызмет ету үшін ENU GSB қабырғасында алынған білім, тәжірибe және байланыстарды барынша қолдану.
Пайымы (Vision) Қазақстандағы бизнес-білім саласындағы жетекші Alumni-қауымдастықтардың біріне айналу — алдағы оқу жылдарындағы түрлі бағдарламалардың түлектері үшін тәлімгерлер, серіктестер және жаңа мүмкіндіктер табатын кеңістікке айналу.


