
Экономика және басқару (ЕҰУ дипломы)
Қысқаша ақпарат
Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) – бизнес пен басқару саласындағы теория мен практиканы терең меңгеруді куәландыратын жоғары кәсіби докторлық дәреже.
Берілетін дәреже: 8D041 – «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA).
Сіз нені меңгересіз?
Негізгі құзыреттер:
- Ұйымдардың тұрақты даму стратегияларын әзірлеу және жүзеге асыру (сыртқы және ішкі ортаны, заманауи басқару тұжырымдамаларын, көшбасшылық тәсілдерін ескере отырып);
- Қаржылық модельдеу, стратегиялық бюджеттеу және тәуекелдерді басқару әдістерін қолдану;
- Инновациялық шешімдер жасап, цифрландыру мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру құралдарын қолдану;
- Стратегиялық және операциялық басқару процесін ұйымдастыру, басқарушылық идеяларды ұсыну және дәлелдеу;
- Әр түрлі басқару стильдерін қолдана отырып, экономикалық мәселелерді талдау және шешу;
- Бизнес-процестерді оңтайландыру үшін заманауи бағдарламалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Модульдер
- Еңбек нарығын басқару
- Көшбасшылық және коммуникациялар
- Цифрлық экономика
- Бизнес және менеджмент
- Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру
- Менеджмент психологиясы және этикасы
- Жобалық менеджмент
- Стратегиялық жоспарлау және болжау
Оқу ұзақтығы
3 жыл
Оқыту нысаны
Аралас (онлайн және офлайн), негізгі жұмыстан қол үзбей.
Оқу кестесі
Айына 1 рет, қатарынан үш күн: жұма, сенбі, жексенбі, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін
Сабақтар өтетін орын
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кампусы, Қажымұқан көшесі, 11, 8-қабат, 822-каб.
Кандидаттарға қойылатын талаптар
Магистр / MBA / EMBA дәрежесінің болуы міндетті;
Басшы қызметтегі жұмыс тәжірибесі – 5–7 жыл, жалпы жұмыс өтілі – кемінде 10 жыл.
DВА бағдарламасына түсуге арналған құжаттар тізбесі
- Басқарма Төрағасының – Ректордың атына өтініш (бизнес мектебіне құжаттарды тапсыру кезінде рәсімделеді);
- Europass форматындағы түйіндеме;
- Магистратура / MBA / EMBA білімі туралы диплом мен транскрипттің көшірмесі (шетелдік азаматтар үшін – нострификация туралы құжат, дипломның және транскрипттің нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ олардың нотариалды куәландырылған аудармасы);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін – паспорттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған аудармасымен));
- Жұмыс орнынан лауазымын көрсететін анықтама;
- Еңбек кітапшасының көшірмесі;
- 075у нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиядан өткені туралы карточкамен бірге);
- Ұсыным хат;
- Зерттеу ұсынысы - ғылыми-зерттеу жобасының алдын ала сипаттамасы.
Бөлісу:
