
Кәсіби қызметті дамыту стратегияларын тиімді басқару және табысты мансап құру, салалық көшбасшылық пен корпоративтік басқару салаларында тыңдаушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Берілетін дәреже: «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша Іскерлік басқару магистрі
Негізгі құзыреттер:
- Кәсіби қызмет саласында стратегиялық басқару, корпоративтік көшбасшылық және кәсіпкерлік қызмет бойынша шеберлік пен практикалық дағдыларды көрсету, тиімді кадрлық саясатты жүзеге асыру.
- Басқарушылық, көшбасшылық және кәсіпкерлік қызмет аясында этикалық құндылықтарды, әлеуметтік дағдыларды, жауапкершілікті, қоғам мен қоршаған ортаға сезімталдықты, кәсібилік пен адамгершілікті ұстану, басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру саясаты мен процедураларын қолдану.
- Әлемдік нарық үрдістерін ескере отырып, бәсекелестік ортаның ерекшеліктерін анықтай білу, экзогендік ортадағы сын-қатерлерді ескере отырып, кәсіби өмірде өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттарын тиімді қолдану, эмоциялар мен күйзелісті тиімді басқару, мәселелерді шешу және қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстар таба білу.
- Кәсіби қызмет саласында корпоративтік ойлау дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерді қолдану, бизнесті дамытуға қатысты өзіндік негізделген пікір қалыптастыру, ұйымды басқарудың негізгі басымдықтары мен ұзақ мерзімді даму бағытын анықтай білу, кәсіби өмірдің бірегей стилін қалыптастыру.
- Бизнестің жаһандану мәнін түсіну, нарық дамуының негізгі трендтерін анықтай білу, көпмәдениетті тұтынушы сұранысы мен инновациялық технологиялардың дамуын ескере отырып, қызметтерді ілгерілету процесін басқара алу.
- Ұйымды басқару аясында туындайтын жанжалдарды шешу дағдыларына ие болу, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін стратегиялық басымдықтарға сай дамыту бағыттарын айқындай білу, өз жұмыс уақытын және қызметкерлердің уақытын тиімді жоспарлау, жұмыс процестерінің өнімділігін тиімді басқару.
2 жыл
Аралас (онлайн және офлайн), негізгі жұмыстан қол үзбей, демалыс күндері сабақ өткізіледі.
Жоғары білімінің болуы міндетті
Басқарушылық қызметтегі еңбек өтілі – кемінде 2 жыл
- Стратегия және бизнес-көшбасшылық
- Бизнес-коммуникацияларды басқару
- Маркетинг және сатуды басқару
- Корпоративтік басқарудағы инновациялар мен кәсіпкерлік
- Маркетинг және ақпараттық жүйелерді басқару
- Цифрлық трансформация
- Брендті басқару және инвестициялау
- Бизнес жаһандық контексте
- Басқарма Төрағасының – Ректордың атына өтініш (бизнес мектебіне құжаттарды тапсыру кезінде рәсімделеді);
- Түйіндеме;
- Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі (шетел азаматтары үшін – нотариалды куәландырылған диплом көшірмесі);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін – паспорт);
- Жұмыс орнынан лауазымын көрсететін анықтама және еңбек кітапшасының көшірмесі;
- фото;
- 075у нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиядан өткені туралы карточкамен бірге);
- Ұсыным хат (берілген күні бір жылдан аспауы тиіс).
«Көшбасшылық және стратегиялық менеджмент (MBA)» бағдарламасы басқару деңгейінде қажетті бизнес-курстарды қамтиды, мұнда тұлғалық даму мен көшбасшылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағдарлама Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ серіктесі – Нидерланд Бизнес Академиясы мамандарымен әзірленген. Бағдарламаның жоғары деңгейі NVAO (Нидерланд және Фландрияның Аккредитация Ұйымы) агенттігінің аккредитациясымен расталған. NVAO аккредитациясы — голланд-фламанд білім беру сапасының айрықша белгісі.
Берілетін дәреже: 7М04138 «Көшбасшылық және стратегиялық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша іскерлік басқару магистрі (MBA)
Негізгі құзыреттер:
- Стратегиялық мақсаттарды айқындап, тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу жоспарын әзірлеу;
- Көшбасшылық қасиеттерді дамыту, командаларды басқару, қызметкерлердің мотивациясы мен қатысуын қамтамасыз ету;
- Қаржылық есептілікті талдау, бюджетті жоспарлау және жобалардың тиімділігін бағалау;
- Жобаларды жоспарлау, іске асыру және бақылау, ресурстарды тиімді бөлу, ЖИ платформаларын қолдану;
- Басқарушылық шешімдерді негіздеу үшін зерттеу және аналитикалық әдістерді қолдану;
- Ұйымдағы өзгерістерді басқару және бейімделу стратегияларын әзірлеу;
- Big Data және бизнес-аналитика сияқты цифрлық технологияларды басқару тиімділігін арттыру үшін пайдалану;
- Мультимәдени ортада тиімді жұмыс істеу, кросс-мәдени дағдыларды қолдану;
- Тұрақты даму, ЖИ және этикалық қағидаларды басқарушылық тәжірибеге енгізу;
- Ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен тиімді коммуникация орнату.
2 жыл
Аралас (онлайн және офлайн), негізгі жұмыстан қол үзбей демалыс күндері сабақ өткізу.
- Қаржыдағы көшбасшылық және басқарушылық ойлау;
- Тиімді көшбасшылық және операциялық жетілдіру;
- Жауапты кәсіпкерлік және жобалық көшбасшылық;
- Инновациялық және стратегиялық маркетинг;
- Цифрлық көшбасшылық және бизнесті трансформациялау;
- Ғаламдық бизнес-ортадағы стратегиялық басқару;
- Деректерге негізделген басқару және цифрлық жүйелер;
- Өзгерістер көшбасшылығы және ұйымдық трансформация;
- HR-стратегиясы және ұйымдардың мінез-құлық динамикасы
Жоғары білімнің болуы
Кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі
- Басқарма төрағасы – Ректор атына өтініш (құжаттарды тапсыру кезінде толтырылады);
- Түйіндеме;
- Жоғары білім туралы дипломның нотариалды расталған көшірмесі;
- Жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі (паспорт);
- Қызмет орнынан лауазымы көрсетілген анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;
- электронды фото;
- 075у үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорография картасымен бірге);
- Ұсыным хаты (бір жылдан аспаған мерзімде жазылған);
